«Біз 35 адамның қаза тапқанын және жүзден астам адамның жарақат алғанын растаймыз. Қаза тапқандардың басым бөлігі - оқиға орнына не болғанын көру үшін жүгіріп келгендер», - деді өкіл.
Рейтер ақпараты бойынша, оқиға елдің орталық бөлігіндегі Насарава штатында жанармай құю стансасына жақын маңда болған. Жарылыстың себебі әзірге белгісіз.