Өртеніп жатқан үйдің тұрғыны терезеден секіріп, ажал құшты
21:07, 01 Ақпан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің оңтүстігінде ер адам өртенген үйдің терезесінен секіріп, көз жұмды, деп хабарлады «Интерфаксқа» шұғыл қызметтердегі ақпарат көзі.
ТЖМ-нің елордадағы баспасөз қызметінен Михневская көшесіндегі мекенжайда орын алған өрт туралы хабарлама сағат 12:55-те келіп түскенін айтты.
«Сағат 13:05-те өртке қарсы бөлімшелер мекенжайға келді 12 қабатты ғимараттың 10-шы қабатының отқа оранғаны анықталды. Жалын шарпыған аймақ нақтылануда», - деді баспасөз қызметінен.
Өрт сөндіру кезінде 11-ші қабаттан бір адам құтқарылды, зардап шеккендер бар, деп атап өтті ТМЖ МБ-нан.
Өз кезегінде, шұғыл қызметтердегі ақпарат көзі «Интерфаксқа» өрт сөндірушілер келгенше дейін 11-ші қабаттан бір ер адамның секіріп кеткенін хабарлады. Ер адам алған жарақаттары салдарынан көз жұмды, деп атап өтті ақпарат көзі.