Қазір кемені Norman Atlantic паромының қасындағы төрт тіркеудің біріне қайтадан жалғауға тырысуда. Бұдан кейін паром итальяндық Бриндизи айлағына жеткілмек.
Грекиядан Италияға жол тартқан паромдағы өрт жексенбі күні таңертең ерте гараждық бөлімнен шықты. Кеме жана бастаған кезде онда 470-ке тарта адам болды, соның ішінде 410 жолаушы бар. Жалынды ішінара бақылауға алудың сәті түсті.
Төтенше оқиға салдарынан бір адам мерт болды және бірнеше адам зардап шекті. Италия Әскери-теңіз күштерінің соңғы мәліметтері бойынша, кемеден 190 адам құтқарылды, бортта әлі 287 жолаушы мен экипаж мүшелері қалып отыр.
Түні бойы жүргізілетін құтқару операциясына Грекия, Италия, Албания қатысуда, барлық үдеріске итальяндық жағалау күзеті басшылық етуде.