«Орталық сайлау комиссиясы алдағы сайлау науқанына дайындық жұмыстарын тұрақты әрі рет-ретімен жүргізіп жатқанын атап өткім келеді. Әдістемелік қамтамасыз ету де тыңғылықты жүргізіліп, кадрлар да жақсы жасақталған», - деді ол.
Миссия басшысы өздері болған барлық сайлау комиссиясында барлық жұмыстардың жоғары деңгейінде ұйымдастырылғанына куә болғандықтарын баса атап өтті.
«Мұнан бөлек, Орталық сайлау комиссиясы сайлау процесін ұйымдастырушыларға, БАҚ өкілдеріне, саяси партияларға арнайы оқыту семинарларын өткізді. Аталған семинарларда ОСК мүшелері, құқық қорғау органдарының, оның ішінде прокуратураның, соттардың өкілдері сөз сөйлеп, сайлау заңнамасын қолдану жолдарын жан-жақты түсіндіріп берді», - деп атап өтті Е.Слобода.