Оны «Ібіліс оты» деп те атайды. Телевизиялық түсірілім топтарының бірі табиғи құбылыстың сирек кездесетін көрінісін түсіріп алды, деп жазады Еуразия бірінші арнасы.
НТВ.ру хабарлағандай, фильмнің режиссері Крис Тэнджидің айтуынша, құйынның болатынын білдіретін ешбір белгі болмапты. Ауа температурасы 25 градустан аспаған, ауа райы желсіз, күн ашық болыпты. «Мен бұрылып қараған едім, 30 метрлік өртті құйынды көзім шалды. Оның дыбысы реактивті жойғыш ұшақтан шыққандай дыбысқа ұқсады. Көріністен төбе шашым тік тұрды», - деді Крис Тэнджи. «Ібіліс оты» 40 минуттай өршіді.
Мамандардың айтуынша, мұндай құйындар өте сирек болады екен. Одан төнетін қауіп те жоғары. Әдетте мұндай құйындардан кейін орман өртенеді.