Семейдегі бастауыш орыс мектебін, Зайсан қаласындағы жоғарғы бастауыш училищесін, Семейдегі ерлер гимназиясын, Мәскеудегі бүкіл ресейлік төтенше комитет курсын бітірген.
1920-1923 жылдары Семей губерниялық аткару комитетінде әр түрлі басшылық қызметтер атқарған. 1924-1925 жылдары Қазақ АКСР-і Ішкі істер халық комиссары болған. 1925-1927 жылдары Ақмола губерниялық атқару комитетінің төрағасы. 1927-1929 жылдары -Қазақ АКСР-і жұмысшы-шаруа инспекциясы халық комиссарының орынбасары. 1930-1933 жылдары - Қазақ АКСР-і қаржы халық комиссары. 1933-1936 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағасы. 1936-1937 жылдары Гурьев (қазіргі Атырау) округтік атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Қаржы комиссары болған кезінде ұжымдастыру науқаны салдарынан аштыққа ұшыраған қазақ халқының ауыр хәлін айтып, жоғары үкімет орындарына бірнеше рет хат жолдаған.
1937 жылы саяси-қуғынға ұшырап,1938 жылы атылды. 1957 жылғы КСРО Жоғарғы сот әскери алқасының шешімімен ақталған.
Дерек көзі:
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 7 том