Орынбасары жемқорлықпен сотталған БҚО әкімі енді қызметінен кете ме

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орынбасарыңыздың жемқорлықпен сотталуына байланысты қызметіңізден кетесіз бе? Үкімет отырысының кулуарында БАҚ өкілдері Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевке осындай сұрақ қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл сұраққа әкім екіұдай жауап берді.

«Үкім әлі күшіне енген жоқ. Күшіне енсін», - деді әкім.

Журналист сұрағын «Егер сот үкімі күшіне енсе, отставкаға кетуге дайынсыз ба?» деп нақтылады.

«Мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес ары қарай жұмыс жүргізіледі», - деп жауап берді Нариман Төреғалиев.