Орынбор делегаттары Маңғыстаудағы «Жастар толқыны - 2013» ІІІ жастар көшбасшылары слетіне қатысты
Бұл шараны «Луара» қоғамдық қоры ұйымдастырды.
«Біздің қордың негізгі бағыты - психологиялық-педагогикалық қызмет. Сондықтан біздің Орынборды таңдауымыз кездейсоқ емес. РФ Президенті бұл қаланы отбасы проблемаларын шешу тұжырымдамасын жасау және оны жетілдіру үшін эксперименттік алаң етіп алды, өйткені мұнда отбасы тәрбиесі және отбасы орталықтары сияқты көптеген мекемелер бар. Қазақстанда мұндай ұйымдар жоқ. Біз Орынбор әкімшілігімен байланыстарды жолға қойдық, өтен жылы онда өткен жастар көшбасшыларының слетіне қатынастық. Биыл олар бізге тәжірибе алмасу үшін келіп отыр», - деді «Луара» қоғамдық қорының директоры Лаура Асырова.
Слет ауқымында «Дені сау отбасы - дені сау бала» атты дөңгелек үстел, жас отбасылардың облыстық фестивалі өтті. Оған Ақтау қаласынан, Түпқараған және Маңғыстау аудандарынан 5 отбасы қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
«Мұндай фестивальдардың отбасы тұғырын нығайтуда маңызы зор. Біз әйелімізбен екеуміз отбасымыздың негіздерін бекіте түскіміз келеді. Біздің Қуаныш атты ұлымыз бар. Болашақта 4-5 баламыз болса деп ойлаймыз», деді отағасы Ислам Ұзақбай мен оның әйелі Ақмарал Исмағамбетова.
Орынбор делегациясы бірнеше күннің ішінде отбасы тәрбиесімен айналысатын көптеген ұйымдар мен мекемелерде болды. «Бізге әсіресе балалар ауылы жобасы ұнады. 10 балаға бір тәрбиеші әрі ол анасы іспетті, бір отбасы тәрізді бөлек үйде тұрады екен. Біз қазақстандық делегацияны өзімізге шақырып, алдағы уақытта да бір-біріміздің тәжірибелерімізбен алмасып тұратын боламыз», - деді Орынбор қаласы әкімшілігінің жастар саясаты басқармасының бастығы Антон Шувакин.