«Жалын бірнеше қойманы шарпыған. Өрттің таралу қаупі болды», - деп нақтылады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Өрт "Переволоцкий элеватор" компаниясы ангарларының шамамен екі мыңға жуық шаршы метр аумағына тарады.
Оқиға салдарынан үш адам зардап шекті, соның ішінде екеуі ауруханаға жеткізілген, үшіншісіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.
Тілсіз жаумен күреске 73 адам, 27 техника бірлігі, сондай-ақ өрт сөндіру пойызы тартылған.