Орынбор облысындағы үлкен өрттің салдарынан Қазақстанмен шекара жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақбұлақ ауданындағы полицияның кезекшілік бөліміне Корниловка селосы маңында дала мен орман алқабы өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті, деп хабарлады time56.ru.

Өртті сөндіруге ТЖМ-ның 3 жасағы, жол полициясы қызметкерлері және учаскелік полицейлер шығып, Орынбор-Ақтөбе автожолындағы қозғалысты шектеді, Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің Орынбор облысы бойынша шекара қызметкерлеріне Қазақстанмен шекарадағы «Сагарчин-Автодорожный» өткізу бекеті арқылы автокөлікті өткізуді шектеу ұсынылды.

«Өрт Орынбор-Ақтөбе күрежолының бойында 10 шақырым аумақты қамтыды, автожолды түтін басқан, өрт сөндіруге күшті жел кедергі келтіруде.