Орынбор облысының Қазақстанмен шекарасында малда құтыру ауруының таралуы тіркелді

ОРЫНБОР. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Орынбор облысының Қазақстанмен шекарасында ірі қарада малда құтыру ауруының таралуы тіркелді.

«Құтыру бойынша эпизоотикалық жағынан қауіпсіз саналатын Орынбор облысының Первомай ауданында биыл 10-14 наурыз аралығында «Орал» ЖШҚ-ның малшаруашылық фермасы аумағында құтыру белгілерімен 8 ірі қара қырылды. 16 наурыз күні ірі қара малдың тағы 3 басы өлді. 11 малдың өлексесі өртелді, жанбай қалған қалдықтары мал қорымына лақтырылды», - деп мәлім етті Орынбор облысының ауыл шаруашылығы министрлігінен.

Ведомствоның мәліметіне қарағанда, инфекцияның пайда болу көзі ірі қараның жабайы жыртқыш аңдармен қатынасынан болған. «Ферма қоршалмаған. Жабайы жануарлардың аумаққа әрі өндірістік қора-қопсыға кіруін жоққа шығара алмаймыз. Қолдағы малдың әбден азғаны да эпизоотикалық жағдайды қиындатып отыр», - деп атап өтілген хабарламада.

Айта кетейік, Орынбор облысында 2013 жылы малдың құтыруы бойынша 119 қолайсыз бекет анықталды. Онда ірі қараның 160 басы індетке шалдығып қырылған.