Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Форум аясында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық, шекара маңы және мәдени -гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ отын-энергетикалық және көлік саласындағы өзара іс-қимылды талқылау жоспарланып отыр», деді ол.
Оның айтуынша, форум жұмысына Қазақстанның облыстары мен Ресей аймақтарының басшылары, сондай-ақ екі елдің мемлекеттік органдарының жетекшілері қатысады.