Орынборда найзағай түсіп, мұнай құйылған резервуарлар өртенді

АСТАНА.  Тамыздың 27-сі.  ҚазАқпарат - Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар  министрлігінің  құтқарушылары бейсенбіге қараған түні     Орынбор  облысында  үлкен өртті ауыздықтады -   «Орынбормұнай»  компаниясының   мыңдаған  текшеметр мұнай  құйылған   резервуарлары  өртенді,

 деп хабарлайды   ресейлік   «Жаңалықтар» агенттігі.

«Сәрсенбі күні   мәскеу  уақыты  бойынша 17.08-де   Грачевский  ауданындағы  Покровка  селосының  өрт сөндіру  бөліміне   «Орынбормұнай» ААҚ-ның еншілес  ұйымы «Бұзаулықмұнай»   мұнай-газ өндіру басқармасының   резервуар  паркінде  өрт    болып жатқаны   туралы  хабар   түседі. Әрқайсысының  ауқымы  5 мың  текшеметрлік    екі мұнай резервуары   өртенді», деп  хабарлады РФ Төтенше  жағдайлар  министрлігінің   Орынбор өңірі  бойынша бас  басқармасының баспасөз қызметінен.

 Аймақтың  құқық қорғау  органындағы дереккөздің  хабарлауынша,  өрт  найзағайдың  түсуі    салдарынан басталған.  Оқиғадан  зардап шеккендер  жоқ.