«Жаңа әдістемелер тұрғысында қазақ тіліне тоқталсақ, қазіргі уақытта жағдайымыз жаман емес, яғни 90 процент қазақ балалары мемлекеттік тілде оқып жатыр. Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге келген балалардың 80 пайызы қазақ тілінде тапсырады. Бұл болмаған жағдай. Мысалы, мен оқыған уақытта Алматыда 65 мектептің ішінде тек біреуі қазақша оқытқан. Әрине, сол балалар орыс тілінде бітіріп, қазір жұмыс істеп жатыр. Алайда болашағымыз қалай балатынын білгілеріңіз келсе, қазіргі уақытта мектепке барып байқауға болады. 10-15 жылда осы балалар мектепті тәмамдап, жұмысқа кіріскен кезде барлығы ретімен қазақша жүреді»,-деді министр.
Бұдан бөлек Сағадиев орыс тіліндегі мектептерде оқып жүрген балалардың жағдайына тоқталды.
«Қазіргі уақытта баса назар аударатын проблемалардың біріне тоқталсақ, орыс мектептерінде оқитын 500 мыңға жуық бала қазақ тілінде 11 жыл оқыса да, сөйлемейді. Оларды сол уақытқа дұрыстап дайындау керек. Әдістеме нашар екенін барлығымыз түсініп отырмыз. Жаңа деңгейдегі ғылыми негізде жасалған әдістеме дайын. Оны қанатқақты жоба ретінде мектептерге таратамыз. Біздің мақсатымыз - балардың қазақ тілін тезірек меңгеруіне мән беру»,-деді ведомство басшысы.