Орыс тілі пәні мұғалімдері арасында байқау өткізілді - Қызылорда облысы
12:22, 06 Сәуір 2010
Жеңістің 65 жылдығына / - Қызылорда қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен қала мектептеріндегі орыс тілі пәні мұғалімдері арасында «Вечная слава героям!» тақырыбында байқау өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай өткен бұл шараның бірінші мектепішілік кезеңінде соғыс ардагерлерімен кездесулер болып, екінші қалалық кезеңде «Письмо солдату!» тақырыбында мақала, «Я помню, я горжусь!» тақырыбында эссе жазудан сайыс өтті. Жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталып, олардың мақалалары басылым беттерінде жарияланды.