Білім министрлігі жанындағы Тіл инспекциясының басшысы Ильмар Томуск осындай шараға қол жеткізбек, деп хабарлайды ресейлік «Вести» арнасы.
И.Томусктің айтуынша, көптеген жоғары лауазымды шенеуніктер жұртшылықпен мемлекеттік тілде сөйлемейді екен. Мысалы, орыстілді бағдарламаларда олар орыс тілінде сұхбат береді, ал тіл инспекторының айтуынша, шенеунік мемлекеттің өкілі, сондықтан да ол бұқараның алдында тек мемлекеттік тілде сөйлеуі керек.
Дегенмен, бұл бастаманың Эстонияның орыс тілді тұрғындарының ғана емес, батыстың құқық қорғау органдарының да наразылығын туғызып отырғанын айта кеткен жөн.