Мәселе тыйым салынған ақпараты бар сайттардың бірыңғай реестрін құруды қарастыратын «Ақпарат туралы» заңға түзетулер енгізуден шығып отыр. Заң жобасы биліктің Рунетте ақпараттың еркін таралуына шектеу қою әрекетін байқаған орыстілді «Википедия» қызметкерлерінің қарсылығын тудырды.
«Википедиялықтар» тәулік бойы наразылық көрсетуді жоспарлауда. Олар «Ақпарат туралы» заңға түзетулер енгізу Ресей үшін кері әсер етуі мүмкін деп есептейді. Соған сәйкес, кейбір мақалалардың, мысалы, «Өзін-өзі өлтіру» немесе «Калий перманганаты» сынды жарияланымдардың саяси жағынан дұрыс емес болуына орай «Википедияға» кіру шектеледі.
Айта кетейік, «Википедияның» мобильді нұсқасы жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы Lenta.ru -ға сілтеме жасап.