«Дирекцияның 2010 жылы атқарған жұмыстары мен 2011 жылға арналған жоспарлары туралы» Ош қаласында өткен қоғамдық тыңдауда бұл туралы Ош және Жалалабад қалаларын қалпына келтіру және дамыту жөніндегі мемлекеттік дирекцияның бас директоры Жанторо Сатыбалдиев мәлім етті.
Ж.Сатыбалдиевтің айтуынша, 63 мың адамның 50 мыңы - Ош облысының, 13 мыңы - Ош қаласының тұрғындары. «Олардың талаптарын қанағаттандыру үшін 5 мың гектар жерді игеру керек. Бұл проблеманы шешу үшін қазір біз Ош қаласының төңірегіндегі бірнеше массивті игеру мәселесін қарастырып жатырмыз», - деді ол.
Қырғыз Үкіметінің 2011 жылғы 10 қаңтардағы өкімімен Ж.Сатыбалдиев сондай-ақ Ош облысының Қара су ауданындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің күшпен басып алынуына байланысты қалыптасқан жағдайды зерттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы болып табылады.