Ош облыстық сотының залында кезекті іс қаралып жатқан. Үстінен ҚР ҚК 147 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған 26 жастағы қала тұрғыны М. К. сот залынан қашып кетті
Алдын ала деректерге қарағанда, сотталушы әжетханаға сұранған және ретін тауып қашып кеткен. Бұл кеше шамамен 18:45-те болған. Ош қаласы және Ош облысы бойынша Ішкі істер бас басқармасы «Сирена» атауымен дабыл қағып, қалада блокпостар қойылды.