«Интерфакс-Казахстан» хабарлағандай, куәлардың айтуынша, Алматы уақытымен сағат 18:40 шамасында ер адам үстіне жанармай құйып, мына сөздерді айтқан: «Мен қазіргі президент Алмазбек Атанбаевтың, премьер-министр Өмірбек Бабановтың, сондай-ақ оппозиция көшбасшыларының бірі Адахан Мадумаровтың саясатына ризамын». Шамамен сағат 19:00-де ол Ош қалалық ауруханасына жеткізілді, бірақ дәрігерлердің оны аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін істегеніне қарамастан, 22:00 шамасында қайтыс болды. Дәрігерлердің мәлімдемесіне қарағанда, ер адамның денесінің 95 пайызын күйік шалған және бұндай жағдайда тірі қалу мүмкін емес еді.
Айта кетейік, ол психиатриялық аурулармен ауыратындардың есебінде тіркелмеген. Болған оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.