«Жыл сайын Студенттер күні қарсаңында түрлі шаралар ұйымдастырамыз. Биыл егіздер фестивалін өткізуді шештік. Олар өз өнерлерін көрсетеді. Музыкалық байқаулар және білім сайыстары ұйымдастырылады», - деп хабарлады Божонов.
Ол осындай шаралар университеттегі достық жағдайдың қалыптасуына септігін тигізіп, студенттерге бір-бірін тануға, достасуға көмектеседі.
Қазіргі кезде Ош МУ-де 20-дан астам жұп егіздер білім алып жатыр.