Ошта ҮЕҰ өкілдері шиеленістен кейінгі жағдайдан шығу жолдарын талқыға салды

БІШКЕК, 19 қараша. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғызстандық және халықаралық ұйымдардың өкілдері Ош қаласында шиеленістен кейінгі аймақтың ұзақ мерзімді дамуын талқылауда.

Жұма күні Ош қаласында дөңгелек үстел отырысы басталды, онда жергілікті коммерциялық емес және халықаралық ұйымдар маусым оқиғаларынан зардап шеккен аймақтың ұзақ мерзімді дамуына қолдау көрсету үшін әлеуетті арттыру мәселелерін талқылауда.

«DCCA-Ош» қоғамдық қорының жетекшісі Икбол Бахрамованың айтуынша, жергілікті коммерциялық емес ұйымдардың, халықаралық ұйымдар мен донорлық агенттіктердің кездесуі қазіргі жағдайды сараптап, жартыжылдық гуманитарлық көмекті көрсетушілер кездестірген проблемаларды анықтауға мүмкіндік беріп, сонымен қатар азаматтық қоғам өкілдерінің туындап жатқан проблемаларға дер кезінде бірлесе үн қатуына әсер етеді.