Оштағы Әлішер Науаи ескерткіші қалпына келтірілді

ШКЕК-ОШ. 28 қазан. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғызстан үкіметінің Ош және Жалалабад қалаларын қалпына келтіру және дамыту жөніндегі мемлекеттік дирекциясы орта ғасырдың ұлы ақыны Әлішер Науаидің ескерткіші әлі күнге дейін қалпына келтірілген жоқ деген кейбір БАҚ хабарламаларын теріске шығарды.

Хабараланғандай, Ош қаласындағы ақын атындағы саябақта орналасқан Әлішер Науаи ескерткішін қалпына келтіру жұмыстары 2011 жылдың шілдесінде жүргізілген.

Еске сала кетсек, қайғылы маусым оқиғалары кезінде ескерткіш белгісіз бүлдірушілердің қолынан зардап шеккен еді.