Жүзге тарта адам Ош қаласындағы орталық алаңға жиналып, елде қоғамдық тәртіп орнатуды үндеді. Митингіге жиналғандар алдында сөз алған шешендер Қырғызстанда тез арада тұрақтылық орнатып, елдің «солтүстік» пен «оңтүстіккке» бөлінуіне жол бермеуді көкседі.
Митингіге қатысушылар республика басшылығына қазанның 10-ы күні сайлауы өткен Жоғарғы Кеңес жұмысын тезірек бастауға мүмкіндік беруді өтінді, алайда сайлаудың ресми қорытындылары әлі күнге дейін жарияланған жоқ.