Қалада атыс-шабыс жалғасып, тонаушылық белең алуда.
Қазіргі сәтте Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі тәртіпсіздіктер салдарынан 28 адамның қазаға ұшырағанын хабарлады. Ауруханааларға дәрігерлік көмекке 454 адам жүгінді, 246 адам ауруханаға жатқызылды, 43-і ауыр жарақаттанған, амбулаторияларда 139 адам дәрігерлік көмек алды.
Оштағы күрделі жағдайға байланысты бүгін уақытша үкімет енгізген коменданттық сағаттың уақыты 18:00-ден 06-00 сағатқа дейін дейін ұзартылды.