Осы аптада қандай маңызды жарыстар өтетіні белгілі болды

Фото: Фото: Спортты дамыту дирекциясы

АСТАНА. KAZINFORM — Туризм және спорт министрлігі 19–25 мамыр аралығында өтетін жарыстар кестесін жариялады.

19–27 мамыр — Нысана көздеу және стенд атудан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогі
Жарысқа ел құрамасынан 19 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Зуль қаласы, Германия.

21–22 мамыр — Жүзуден Mare Nostrum халықаралық турнирі (2-кезең)
Бұл кезеңде еліміздің 8 спортшысы бақ сынайды.
Өтетін орны: Барселона қаласы, Испания.

22–25 мамыр — WKF каратэден ересектер арасындағы Азия чемпионаты
Қазақстан намысын 16 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Ташкент қаласы, Өзбекстан.

22–27 мамыр — Дзюдодан юниорлар арасындағы халықаралық турнир
Аталған турнирде еліміздің 7 палуаны белдеседі.
Өтетін орны: Каунас қаласы, Литва.

23–25 мамыр — Семсерлесуден Әлем кубогі
Турнирде 9 спортшымыз сынға түседі.
Өтетін орны: Сен-Мор қаласы, Франция.

24 мамыр — Триатлоннан Әлем кубогы
Жарыс жолына еліміздің 5 спортшысы шығады.
Өтетін орны: Самарқанд қаласы, Өзбекстан.

25–29 мамыр — Дәстүрлі садақ атудан халықаралық Fetih Kupası турнирі
Сайысқа 15 елден 200-ден астам спортшы, соның ішінде отандық мергендер де қатысады.
Өтетін орны: Ыстанбұл қаласы, Түркия.

Бұған дейін 4 мыңнан аса астаналық BI қайырымдылық марафонына қатысқанын жазғанбыз.