Осы аптада қандай спорттық шаралар өтетіні белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM — Туризм жəне спорт министрлігінің баспасөз қызметі 21-27 сәуір күндері өтетін жарыстар кестесін жариялады.
22-25 сәуір: Белбеу күресінен (Алыш) халықаралық турнир
Жарысқа Қазақстан құрамасынан 6 спортшы қатысады. Өтетін орны: Ашхабад қаласы, Түрікменстан.
23-24 сәуір: Таэквондодан WT President's Cup – Asia G3 халықаралық турнирі
Қазақстан құрамасынан 15 спортшы сынға түседі. Өтетін орны: Тайань қаласы, Қытай.
23-27 сәуір: Маунтинбайктан Азия чемпионаты
Чемпионатқа отандық 5 спортшы қатысады. Өтетін орны: Цзуньи қаласы, Қытай.
25-28 сәуір: Дзюдодан Азия чемпионаты
Ел намысын 20 спортшы қорғайды. Өтетін орны: Бангкок қаласы, Таиланд.
24-27 сәуір: Спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогі
Әлемдік додада 9 спортшымыз бақ сынайды. Өтетін орны: Сучжоу қаласы, Қытай.
24-27 сәуір: Жекпе-жектен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты
Еліміздің барлық өңірінен, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан спортшылар қатысады. Өтетін орны: Тобыл қаласы, Қостанай облысы.
24-28 сәуір: Әйелдер күресінен (юниорлар мен жасөспірімдер) халықаралық турнир
Қазақстан намысын 7 спортшы қыз қорғайды. Өтетін орны: Ла-Нусия қаласы, Испания.
25-26 сәуір: Ашық суда жүзуден Әлем кубогінің екінші кезеңі
Бұл кезеңде Қазақстан құрамасынан 4 спортшы бақ сынайды. Өтетін орны: Ибица қаласы, Испания.
25-27 сәуір: Көркем гимнастикадан Әлем кубогі
Ел құрамасынан 8 спортшы өнер көрсетеді. Өтетін орны: Ташкент қаласы, Өзбекстан.
25-28 сәуір: Спорттық гимнастикадан Әлем кубогі кезеңі
Бұл сында 4 спортшы бақ сынайды. Өтетін орны: Каир қаласы, Мысыр.
26-27 сәуір: Киокушинкай-кан каратэден All Japan International Tournament турнирі
Қазақстан құрамасының 30 спортшысы қатысады. Өтетін орны: Токио қаласы, Жапония.
26-27 сәуір: Джиу-джитсудан Grand Prix Paris Open 2025 турнирі
Жарысқа отандық 50 спортшы жүлдеге таласады. Өтетін орны: Париж қаласы, Франция.
Осыған дейін Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Словениядан жеңілгенін жазғанбыз.