Осы аптада кинотеатрларда жанрлар тоғысы
АСТАНА. KAZINFORM — Осы аптада Қазақстан кинотеатрларында түрлі жанрды қамтыған жаңа фильмдер көрерменге жол тартты. Кинопрокатта отандық картиналармен қатар, тарихи драмалар, қорқынышты триллерлер, отбасылық анимациялар мен шетелдік жобалар ұсынылып отыр.
Kazinform тілшісінің шолуында осы аптадағы кинопремьераларды назарларыңызға ұсынамыз.
АБАЙ БОЛ 8.8⭐
- Ұзақтығы: 90 минут
- Елі: Қазақстан, 2026
- Режиссері: Абдусаид Шайхисламұлы
Жауапсыз, алаяқтықпен күн көрген Жақсылық жол апатына ұшырап, жаны екі әлемнің арасында қалады. Енді оның өткен қателіктерін түзеп, өмірге қайта оралу үшін бар болғаны 24 сағаты бар. Уақытпен жарысқа түскен кейіпкер үшін бұл соңғы мүмкіндік.
ҚҰМ КАПИТАНДАРЫ (Капитаны песка) 5.5⭐
- Ұзақтығы: 120 минут
- Елі: Бразилия–АҚШ
- Роман желісі – 1937 жыл, экранизациялары – 1971 және 2011
Жоржи Амадудың атақты «Құм капитандары» романы алғаш жарық көрген сәттен бастап үлкен резонанс тудырды. Экранда жарық көрген кейінгі нұсқалары да көрермен ықыласына ие болды. Фильм тағдыр тәлкегіне түскен жетім балалардың өмірін суреттей отырып, әділетсіз қоғамның ащы шындығын көрсетеді. Уақыт сынынан өткен бұл оқиға бүгінгі көрерменге қалай әсер етпек?
AFTER THE SNOWFALL 10.0⭐
- Ұзақтығы: 95 минут
Бұл туынды – шаңғы спортының шынайы болмысын көрсететін деректі жоба. Фильмде әлемнің үздік райдерлері мен қарапайым әуесқойлар қарлы шыңдарды бағындырып, тәуекелге барып, жеңіс пен жеңілістің дәмін татады. Жапонияның мамық қарынан бастап Калифорниядағы «скимингке» дейінгі көріністер арқылы шаңғы спортының өмір салтына айналған философиясы бейнеленеді.
САЛТАН ПАТША ТУРАЛЫ ЕРТЕГІ (Сказка о царе Салтане) 4.9⭐
- Елі: Ресей, 2025
- Режиссері: Сарик Андреасян
Қарапайым отбасыдан шыққан аруға ғашық болған Салтан патша оны бір кеште жар етіп алады. Алайда қызғанышқа булыққан әпкелері жас патшайымға қарсы қастандық ұйымдастырады. Жалған хаттың кесірінен ана мен сәбиді теңізге тастайды. Бұл – зұлымдық пен адалдық, тағдыр мен үміт жайлы классикалық ертегінің жаңа нұсқасы.
ТЕМІР (Железо) 5.5⭐
- Елі: Қазақстан, 2026
- Режиссері: Юлиан Савицкий
Бірнеше жыл түрмеде отырып шыққан Владислав туған қаласына оралады. Бірақ қала қылмыс пен заңсыз жекпе-жектердің торына шырмалған. Қылмыс әлемінің көсемі Баха Черный оны қайтадан көлеңкелі бизнеске тартуға тырысады. Алайда кейіпкер бұл жолы өз ережесімен ойнауға бел буады. Оның мақсаты – қылмыстық жүйені ішінен күйрету.
РАВИОЛИ ОЛИ 5.5⭐
- Ұзақтығы: 90 минут
- Елі: Ресей, 2025
- Режиссері: Андрей Никифоров
Танымал жұлдыз Ольга Бузова сүйіктісінің бизнесіне қаржы құйып, тәуекелге барады. Алайда қате таңдау жасап, аляқтың құрбаны болғанын кеш түсінеді. Енді ол шағын қалаға барып, жоғалтқан қаражатының бір бөлігін қайтаруы керек. Фильм – махаббат, алдау және өз болмысыңды қайта табу туралы оқиға.
BUSINESSWOMAN FOREVER 2.2⭐
- Ұзақтығы: 80 минут
- Елі: Қазақстан, 2024
- Режиссері: Ермек Шахмет
Екі құрбы ортақ бизнес бастап, табысқа жетуді армандайды. Алайда махаббат оларды қарсы тарапқа шығарып, достықты сынаққа салады. Қаржы, амбиция және жеке сезім арасындағы тартыс олардың өмірін түбегейлі өзгертеді.
ҚАНШЕР (Убица) 6.5⭐
- Ұзақтығы: 94 минут
- Елі: Ұлыбритания, 2023
- Режиссері: Роджер Гриффитс
Үш ағайынды әкесінің қабіріне қайта оралғанда, оның бос екенін көреді. Күдік пен қорқыныш оларды бір-біріне қарсы қояды. Психологиялық триллер бауырлар арасындағы сенім мен сатқындық тақырыбын ашады.
ҚОЯНҒА ҚАҚПАН (Ловушка для кролика) 6.0⭐
- Ұзақтығы: 88 минут
- Елі: Ұлыбритания, АҚШ, 2025
- Режиссері: Брин Чейни
1976 жыл. Дыбыс жазумен айналысатын ерлі-зайыпты Уэльстегі шағын ауылға келеді. Алайда түсініксіз құбылыстар мен жұмбақ жасөспірімнің пайда болуы олардың тыныштығын бұзады. Фильм – мистикалық триллер жанрындағы туынды.
СҰЛУ (Красавица) 5.0⭐
- Елі: Ресей, 2026
- Режиссері: Антон Богданов
1941 жыл. Ленинград қоршауы. Госпитальдан шыққан Николай Светлов зообаққа қызметке жіберіледі. Мұнда қызметкерлер жануарларды аман алып қалу үшін жанкештілікке барады. Сұлу бегемотты қорғау – олардың үміт пен адамгершілікті сақтап қалу жолындағы күресінің символы.
АҢЫЗДАР (Легенды) 8.0⭐
- Ұзақтығы: 90 минут
- Елі: Франция, 2026
- Режиссері: Гийом Ивернель
Бір кездері ерлікпен елді қорғаған батырлар сиқырдың салдарынан бала кейпіне түседі. Енді олар қайта күш жинап, тылсым қарғысты бұзуы керек. Анимациялық туынды батырлық пен достық жайлы баяндайды.
ӨЛІЛЕР ӘЛЕМІНЕН ОРАЛУ (Верни меня из мёртвых) 4.3⭐
- Ұзақтығы: 95 минут
- Елі: Италия, 2025
- Режиссерлері: Алессандро Антоначи, Даниэль Ласкар, Стефано Мандала
Әкесінің өлімінен кейін Миа оның үйіне оралады. Көп ұзамай түсініксіз құбылыстар басталып, ол медиум көмегіне жүгінеді. Қорқынышты драма тылсым әлеммен байланыс тақырыбын қозғайды.
ЖОРАНЫ ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРУ (Уволить Жору) 5.5⭐
- Елі: Ресей, 2026
- Режиссері: Марюс Вайсберг
Мансапқор Максқа IT-компаниядағы басты бағдарламашыны жұмыстан шығару тапсырмасы беріледі. Алайда қарапайым көрінетін Жораны қызметінен босату оңай болмай шығады. Комедиялық фильм мансап пен адами құндылықтар арасындағы таңдауды көрсетеді.
Өткен аптадағы кинопремьералар тізімін осы жерден көре аласыздар.