Корольдік балет жұлдыздарымен «Аққу көлі» балеті
Демалыстағы басты мәдени оқиғалардың бірі — «Астана Опера» сахнасындағы «Аққу көлі» балеті. 11 және 12 қыркүйекте театрда Ballet Globe халықаралық би фестивалі өтеді.
Көрермендер Петр Чайковскийдің музыкасына қойылған классикалық балетті «Астана Операның» балет труппасы мен симфониялық оркестрінің орындауында тамашалай алады. Басты партияларды Ковент-Гарден Корольдік балетінің премьерасы Вадим Мунтагиров пен прима-балерина Фуми Канеко орындайды.
Қойылымда Алтынай Асылмұратованың билеп, өнер көрсетеді.
«Ертегі түннің әуені»
Отбасымен бірге музыкалық «Ертегі түннің әуені» қойылымына баруға болады. Онда танымал әлемдік хиттер мен классикалық музыка орындалып, жас көрермендерге бірнеше ертегі ұсынылады.
Қойылым музыка мен театрлық баяндаудың керемет үйлесімін көрсетеді. Сол арқылы балалардың қиялын дамытуға, сондай-ақ оларды танымал әуендер мен классикалық шығармалармен таныстыруға бағытталған.
«Тәуелді»
Әлеуметтік драма жанрын ұнататын көрермендер үшін «Тәуелді» драматерапиясына бару дұрыс шешім болмақ. Қойылым лудомания, ойынға тәуелділік, нашақорлық т. б. тәуелділік түрлерінің зияны мен зардабын көрсетеді.
Кейіпкерлер бір терапиялық кеңістікте бас қосып, өз оқиғаларын баяндайды. Олардың әңгімелері арқылы тәуелділіктің салдары және оның адам өміріне орасан кері әсері ашылады.
«Ирина Кайратовна» қатысатын OPEN AIR
Заманауи қазақстандық музыканы ұнататындар үшін 12 қыркүйекте open-air форматындағы концерт өтеді. Басты қатысушы — «Ирина Кайратовна» тобы. Музыканттар өздерінің хит әндерін жанды бэндпен бірге орындайды.
Бағдарламада CAPTOWN тобы, диджейлер және арнайы қонақтар да бар. Ұйымдастырушылар үлкен сахна, жанды дыбыс және ашық аспан астындағы толыққанды музыкалық шоу форматындағы кешті уәде етіп отыр.
Үлкен диско-шоу
Кешін музыкамен өткізгісі келетіндер үшін тағы бір нұсқа — оркестр мен хордың қатысуымен өтетін би кеші, яғни диско-шоу. Бір сахнада 35-тен астам өнерпаз өнер көрсетеді.
Бағдарламада Black Eyed Peas, Daft Punk, Pharrell Williams, Pitbull, Sia, Britney Spears, Lady Gaga, Adele, Rihanna, Beyoncé, Bruno Mars, Shakira және басқа да әлемдік орындаушылардың хиттері орындалады. Музыкалық бағдарлама Garage және Latino бағыттарынан бастап R’n’B мен Lyric-ке дейінгі тақырыптық блоктарға бөлінген.
«Шәмші»
Жексенбі күнгі театр афишасында қазақтың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовқа арналған «Шәмші» спектаклі бар.
Қойылым композитордың шығармашылық мұрасымен ғана емес, оның ішкі әлемімен, толғанысымен, болмысымен де таныстырады. Оқиға Шәмшінің қазақ музыкалық мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналған әндері арқылы өрбиді.
«Танакөз»
13 қыркүйекте өтетін тағы бір қойылым — Мұхтар Шахановтың поэмасы негізінде қойылған «Танакөз». Шығарманың өзегінде соғыс, қайғы-қасірет пен түрлі сынақтардан өткен достық пен махаббат тақырыбы жатыр.
Екі отбасы мен үш достың тағдыры арқылы ұрпақтар сабақтастығы, әкелер рухына деген құрмет, анаға деген сыйластық және шынайы достық көрінісі көрсетіледі. Поэма қазақ әдебиетіндегі елеулі шығармалардың бірі саналады.
Бұған дейін осы аптада отандық киноқоржын төрт бірдей жаңа туындымен толыққанын жазғанбыз. Олардың басым бөлігі — драма жанрында.