Демалыс күндері әлі де ауқымды антициклон Қазақстан аумағының көп бөлігін қамтиды, сол себептен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады: республиканың шығысында түнгі уақытта жауынның соңы қарға ұласуы мүмкін.
Республика бойынша жел күшейеді.
Түнгі және таңертеңгі сағатта елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман түседі.
16 қыркүйекте топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Күндіз ауа температурасы: республиканың батысында 20 30°С, солтүстік-батысында 12 25°С, шығысында 5 18°С, оңтүстігінде 23 32°С, елдің солтүстігінде және орталығында 15 23°С-тан 10 18°С, оңтүстік-шығысында 10 23°С-тан 15 27°С-қа дейін көтеріледі.