АСТАНА. KAZINFORM — «SCAT Airlines» әуе компаниясы Астана және Шымкент әуежайларында жүргізілетін жөндеу жұмыстарына байланысты күндізгі рейстер кестесіне уақытша өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді.
Компанияның дерегінше, Астана әуежайында жұмыстар 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында өтеді. Осы кезеңде күн сайын сағат 10:00–ден 18:00–ге дейін әуеайлақтағы ұшу-қону жолағы уақытша жабылады. Соған байланысты күндізгі рейстердің ұшу және қону уақыты ауысуы мүмкін.
Ал Шымкент әуежайында жөндеу 28-30 сәуір күндеріне жоспарланған. Бұл уақытта, яғни сағат 12:00–ден 18:30–ға дейін, рейстер қозғалысына шектеу қойылады.
Әуе компаниясы жолаушыларға рейс мәртебесін алдын ала нақтылап, сапар жоспарын өзгерістерді ескере отырып құруға кеңес береді.
Бұдан бұрын Шымкент әуежайында ескі ұшу-қону жолағы рейстерге кедергі келтіргенін жазған болатынбыз.
Айгерим Коппаева
Окончила Жетысуский государственный университет по специальности «Журналистика». Трудовую деятельность начала в 2017 году в печатном издании «Алатау» (г. Талдыкорган). С 2018 года работала в пресс-службе Департамента полиции Алматинской области. С 2023 года — редактор и диктор новостей на телеканале «Жетысу». С 2025 года — корреспондент службы региональных новостей Международного информационного агентства Kazinform.