Осы жылы дәрі-дәрмекті асыра үстеме бағамен сатқан дәріханалар анықталды ма

АСТАНА. KAZINFORM — Бес жылда дәрілік және медициналық заттардың шекті бағасын асырудың мыңға жуық дерегі тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.

Фото: Freepik

- ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің деректеріне сәйкес, 2020–2024 жылдары дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың шекті бағасын асыру бойынша 940 дерек анықталды, 248,7 млн теңгеден астам айыппұл салынды. 2024 жылы 7 дерек бойынша 1,5 млн теңге айыппұл жазылды, - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Ведомство ақпаратына қарағанда, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында шекті бағаны асыру фактілері анықталмаған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл жазда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі дәрі-дәрмек нарығындағы бәсекелестік жағдайға талдау жүргізетінін жазған едік.