Осы жылы көктемгі егін егуге қанша қаражат бөлінді

Фото: АШМ

АСТАНА. KAZINFORM — «Даму» қоры арқылы берілетін кепілдіктер бойынша несие көлемін 300 млрд теңгеге дейін жеткізілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті. 

— Осы жылы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген кредит беруге 700 млрд теңге (2025 жыл — 649,3 млрд теңге) бағыттау жоспарланған. Ерте қаржыландырудың арқасында шаруалар қажетті көлемде сапалы тұқымдарды, минералдық тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, сондай-ақ жанар-жағармай материалдар мен техниканы алдын ала және қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндіктері пайда болды. Егер 2025 жылғы егіс науқанына ерте қаржыландыру 2024 жылдың қараша айының соңында басталған болса, 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына өтінімдерді қабылдау былтырғы қазан айында басталды. Осының нәтижесінде, бүгінгі күні шамамен 1 900 шаруа 200 млрд теңгеге қаржыландырылды, бұл жалпы қаржыландыру көлемінің 27%-ы, — деді Айдарбек Сапаров.

Сонымен қатар, «Даму» қоры арқылы берілетін кепілдіктер бойынша несие көлемін 300 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланды (2025 жыл — 283 млрд теңге). Бүгінде 86 млрд теңге көлеміндегі кредиттерге кепілдік берілді. Сондай-ақ отандық ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру жалғастырылып, оның көлемі кемінде 300 млрд теңге. (2025 жыл — 246 млрд теңге)

— Азық-түлік корпорациясының форвардтық сатып алу бағдарламасы аясында 152 шаруадан 34 млрд теңгеге өтінімдер келіп түсті, оның ішінде 40 шаруа 13,8 млрд теңгеге қаржыландырылды, — деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл жалпы егіс алаңы шамамен 23,8 млн гектар болды