«Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2022 жылдан бастап азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, оның ішінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың жалақысы түзету коэффициентін қолданумен (2022 жылы - 1,23, 2023 жылы - 1,45, 2024 жылы - 1,71, 2025 жылы - 2) көтеріледі. Нәтижесінде 4 жыл ішінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың жалақысы 2 есе артады», - делінген Үкімет басшысының жауабында.
Бұдан басқа, оның дерегінше, іс-сапарға жіберілген инспекторларға аудандық және облыстық аумақтық инспекциялардан іс-сапар қаражаты, түнгі және пәтерлік қосымша ақы төленеді.
«Қазіргі уақытта өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың штат санын ұлғайту мәселесін мүдделі мемлекеттік органдар пысықтап жатыр», - дейді Әлихан Смайылов.