Отырыс барысында аталмыш құжаттың мақсат-міндеттеріне тоқталған Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешовтың айтуынша, 2011 жылғы 20-шы желтоқсандағы жағдай бойынша, сайлау комиссияларына ұсынылған сайлаушылар туралы мәліметтерге сай, дайындалуға және сайлау учаскелеріне жеткізілуге тиіс сайлау бюллетеньдерінің саны резервті қосқанда, Мәжіліс депуаттарының сайлауы бойынша 9 миллион 398 мың 154 дананы, мәслихат депутаттарының сайлауы бойынша 17 миллион 4 23 мың 113 дананы құрауы керек.
16:39, 21 Желтоқсан 2011
ОСК 2012 жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауында қолданылатын бюллетеньдерге қатысты қаулы қабылдады
АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/- Орталық сайлау комиссиясы бүгін кезекті отырыс барысында «2012 жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауы мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері туралы» қаулы қабылдады.