«Ертеңнен бастап канидаттарды ұсынудың маңызды кезеңі басталады. Ол 31 тамызға дейін жалғасады. Бүгінгі таңда біздің сайлау комиссияларымыз толыққанды жұмыс істеуге қабілетті. Барлық комиссиялар жасақталды. Меніңше, депутаттық корпустағы сенаторлардың вакантты орыны - 33», - деді ОСК төрағасы.
Айта кетейік, сенатор болуға үміткер жасы 30-дан асқан, жоғары білімі бар, жұмыс стажы бес жылдан кем болмайтын, сондай-ақ соңғы 10 жыл бойы еліміздің аумағында, ал соңғы 13 жыл бойы өзі дауысқа түсетін өңірде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы болуы қажет. Бұл орайда бірқатар маңызды мәселелер бар. Біріншіден, Сенат депутаттығына кандидат тиісті облыстағы мәслихат депутаттарының 10 пайызының қолдауына ие болуы тиіс. Екіншіден, ұсынылған кандидаттардың әрқайсысы Орталық сайлау комиссиясының арнайы шотына депозит ретінде 300 мың теңгеден кем болмайтын сайлау жарнасын енгізуі керек.