ОСК 5-ші сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының сайлау құжаттары нысандарын белгілеу туралы қаулы қабылдады
16:59, 16 Қараша 2011
АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы бүгін 5-ші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының сайлау құжаттары нысандарын белгілеу туралы қаулы қабылдады.
Отырыс барысында осы құжат бойынша баяндама жасаған ОСК хатшысы Бақыт Мелдешовтың айтуынша, депутаттардың сайлау құжаттарының барлығы мақұлданып бекітілген. ОСК мүшелері қаулыны бірауыздан қабылдады.