Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында аталмыш комиссияның хатшысы Бақыт Мелдешов осы құжатқа байланысты баяндама жасады. Оның сөзінше, қаулы жобасында 2012 жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған 5-ші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізімдері бойынша сайланатын депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары қоса берілген.
Сонымен қатар қаулыда 2012 жылы 16 қаңтарға тағайындалған 5-ші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарын бекіту мәселесі қарастырылған.