Бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында осы мәселе жөнінде баяндаған ОСК хатшысы Бақыт Мелдешовтың айтуынша, «Ақ жол» партиясының тізімінен алынып тасталған Смағұл Елубай пен Бақыт Сәрсекбаевтың соңғы он жылда елімізде тұрғандығы дәлелденбеген. «Ал тізімнен шығарылған үшінші азамат Марғұлан Тұрғанов мәслихат депутаттарының сайлауына қатысуға ниет білдіруіне байланысты, өз өтініші бойынша «Ақ жол» партиясының тізімінен шығарылды»,-деді ОСК хатшысы.
12:33, 14 Желтоқсан 2011
ОСК «Ақ жол» партиясының тізімінен үш азаматты алып тастады
АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» партиясының 2012 жылдың 15-ші қаңтарында өтетін Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына партия атынан ұсынған тізімінен үш үміткерді алып тастады.