Енді сайлаушылар тізімдеріндегі өзі туралы деректерді іздестіру және қай сайлау учаскесіне тіркелгені туралы ақпаратты алу үшін сайлаушы izbiratel@election.kz логинін пайдаланады. Сондай-ақ тиісті деректерге сұрау салу кезінде сайлаушы өзінің тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, жеке куәлігінің нөмірін немесе жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсетуі қажет. Жауап ретінде келген хабарда жүгінген сайлаушы тіркелген сайлау учаскесінің нөмірі мен мекен-жайы көрсетіледі.
Іздестіру шарасы оң нәтиже бермеген жағдайда сайлаушы тиісті жергілікті атқарушы органға немесе тіркелген жері бойынша учаскелік сайлау комиссиясына жүгінуі тиіс.
19:15, 11 Наурыз 2011
ОСК ақпараттық ресурстарды пайдалануды оңтайландыру мақсатында интернет-ресурстағы он-лайн іздестіру тәртібін өзгертті
АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Орталық сайлау комиссиясы ақпараттық ресурстарды пайдалануды оңтайландыру мақсатында өзінің ресми интернет-ресурсындағы сайлаушылардың электрондық тізімінде он-лайн іздестіру тәртібін өзгертті.