ОСК аудандардағы мәслихат депутаттарының үгіт-насихат шараларына бөлінген қаржыны тиімді жұмсауға бағытталған қаулы қабылдады

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/- Орталық сайлау комиссиясы бүгін «2012 жылғы 15-ші қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы жергілікті мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауында мәслихат депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының нормативтерін белгілеу туралы қаулысына өзгерістер енгізді.

Бүгінгі отырыс барысында аталмыш құжаттың мақсат-міндеттері жөнінде баяндаған Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоостың айтуынша, аудандарда мәслихат депутаттығына кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына қолжетімділігі шектеулі. «Осыған байланысты теледидар, радио арқылы үгіт-насихат шараларын жүргізуге бөлінген қаржының бір бөлігі парақшалар мен өзге де бірқатар насихат құралдарын шығаруға жұмсалатын болады»,-деді В.Фоос.