Сәрсенбі күні ОСК отырысында президент Ильхам Алиевтің үміткерлігін бекітуге барлық негіз бар екендігі аталып өтілді. Кейін бұл мәселе дауыс беруге шығарылып, қабылданған.
Айта кетейік, 8 ақпанда «Ени Әзербайжан» партиясының VI съезі өтті. Съезде 11 сәуірде өтетін президент сайлауында партия төрағасы, Әзербайжан президенті Ильхам Алиевтің үміткерлігін ұсыну туралы шешім қабылданды.