Серік Сыдықовтың айтуынша, сайлау уақытында жұмыс жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне жеке куәлігі мен редакцияның тапсырмасы ғана керек. «БАҚ туралы» заңның 14-бабының 1-1-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарына материалдарды дайындау, жариялау, қайта шығару және тарату кезінде мынадай жағдайларда бейнеленетін адамның келісімі талап етілмейді:
- егер осы адам ойын-сауық мәдени-бұқаралық, мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар, спорттық-бұқаралық іс-шараларға, бейбіт жиналыстарға және өзге де жария іс-шараларға қатысса немесе араласса;
- егер таратылатын ақпаратта адамның бейнесі және осы адамның қызметтік және жария қызметіне байланысты мәліметтер қамтылса, оны адамның өзі, оның заңды өкілі немесе уәкілетті адам қолжетімділігі шектелмеген көздерде жарияласа.