ОСК: Бекболат Тілеухан өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға өтініш берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату ұсынымын Мәжіліске жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ОСК сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Қанайұлы Тілеуханның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Қ. Тілеуханның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін», делінген хабарламада.