деді бүгін Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов журналистермен болған брифингте.
Брифинг барысында ол бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін Орталық сайлау комиссиясының бүгінгі жұмыс кестесімен таныстырды.
Соған сәйкес, ОСК өкілдері кезектен тыс президент сайлауында дауыс берушілер жөніндегі мәліметтерді сағат 10-30-да жария ететін болады. «Біз тұп-тура сағат 10-00-де ел аймақтарындағы сайлау учаскелерімен хабарласып, мәліметтер жинастырамыз. Жарты сағат көлемінде біз барлық қажетті деректерді жинақтап үлгереміз деген ойдамын»,-деді Б.Мелдешов.
Сондай-ақ бүгін күні бойы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері журналистермен кездесіп, дауыс берген сайлаушылар жөніндегі мәліметтерді жария етіп отырады. «Бүгін сағат 22-00-де ОСК төрағасы толық ақпарат береді. Бұл кездесудің біршама кешіктіріліп отырған себебі еліміздің кейбір аймақтарында Астанамен салыстырғанда уақыт айырмашылығы бар», - деді ОСК хатшысы.
Оның сөзіне қарағанда, күні бойы ОСК-ның баспасөз орталығында тек ОСК мүшелері ғана емес, Сыртқы істер және Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураның өкілдері де брифинг өткізеді. Құқық қорғау саласының өкілдері брифингте сайлау күніндегі заңбұзушылықтар мен қоғамдық тәртіппен байланысты жағдай жөніндегі жедел мәліметтерді беріп отырады.