Енді учаскелік комиссия мүшелері берілген дауыстарды санауға кіріседі», - деді бүгін Орталық сайлау комиссиясы төрағасының оранбасары Владимир Фоос журналистермен болған брифингте.
Оның айтуынша, еліміздің батыс өңірлерінде атап айтқанда, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында уақыт айырмашылығына байланысты дауыс беру Астана уақыты бойынша сағат 21-00-ге дейін жалғасады. «Сонымен қатар дауыс беру бірқатар шет мемлекеттердегі сайлау учаскелерінде де жалғасуда», -деді В.Фосс.