ОСК халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу жөнінде қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылғы 22 қазанда сайлауды халықаралық бақылау институты ашылған сәттен бастап Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 3 халықаралық ұйымнан және 5 шет мемлекеттен 62 байқаушыны аккредиттеді», - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова Орталық сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, аккредиттеуге ұсыныстардың түсуіне қарай байқаушылар бойынша деректер кезең-кезеңімен жаңартылып отырады

10 желтоқсандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына СІМ-нен аккредиттеуге ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлауды бақылау жөніндегі шектеулі миссиясынан 24 ұзақ мерзімді бақылаушының кандидатуралары ұсынылған.

Осыған байланысты Ортсайлауком мүшелері халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу жөнінде қаулы қабылдады.