Бүгін Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындыларын жария еткен Орталық сайлау комиссиясының мүшелері осындай қаулы қабылдады.
Отырыс барысында сайлау нәтижелері жөнінде баяндаған Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешовтың айтуынша,
Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттардың арасында Жұматай Әлиев сайлаушылар даусының 91,64 пайызын, Мұрат Ахмадиев 90,45 пайызын, Григорий Каппель 91,94 пайызын, Роман Ким 91,94 пайызын, Ахмед Мұрадов 91,94 пайызын, Надежда Нестерова 89,25 пайызын, Зухра Саяпова 89,55 пайызын, Юрий Тимошенко 91,4 пайызын, Розақұл Халмұрадов 91,34 пайызын алды.