Оның атап өтуінше, еліміздің Сайлау туралы конституциялық заңына сәйкес ҚР Президенттігіне үміткер кандидат ретінде тіркелуі үшін республикадағы сайлаушылардың жалпы санының кемінде 1 пайызының қолдау қолын жинауы тиіс.
«Бұл облыстардың үштен екісі және міндетті түрде Астана мен Алматы қаласы болуы мүмкін. 5 күн бойы жиналған қолдар төлқұжат қызметтерін тарта отырып, аумақтық сайлау комиссияларымен тексеріледі. Тексеру былайша жүргізіледі: жоғарыда атап өткенімдей, сайлаушылардың жалпы санынан қажетті 1 пайызды аумақтық комиссиялар мен төлқұжат қызметтері тексереді. Ал 1 пайыздан артығы Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі. ОСК бұл хаттамаларды жинақтайды. Осы хаттамалардың негізінде бүкіл ел бойынша нәтиже шығарылады. Атап өтерлігі, қазіргі уақытта барлық өңірлердегі аумақтық сайлау комиссияларынан хаттамалар келіп түсуде. Меніңше, тіпті бүгіннің өзінде үміткердің бірінің хаттамалары Орталық сайлау комиссиясына толық келіп түседі. Соңғы хаттамаларды күтіп отырмыз», - деді Б.Мелдешев.