Бұл мәліметтермен бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында аталмыш комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов таныстырды.
Төраға келтірген деректерге қарағанда, мәслихат депутаттығына ұсынылған азаматтардың 556-сы облыстық және Астана мен Алматы қалаларының депутаттары болғылары келеді. Ал 3 мың 774 азамат аудандық мәслихат депутаттығынан үмітті. Сондай-ақ 919 азамат қалалық мәслихаттың депутаты болсам дейді.
ОСК осы уақытқа дейін республика бойынша мәслихат депутатының кандидаттығынан үміткер ретінде ұсынылған азаматтардың 298-ін тіркеп үлгерді.